Тарихи анықтама:

Қоғамдық бірлестік 21.11.2000 ж. тіркелген, басшысы Правдина Вера Николаевна. Қоғамдық бірлестіктің  өкілдіктері жоқ.  «ШҚО Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің филиалы – «Кругозор» жастар мәдениет және туризм орталығы болып табылады. Қайта тіркеу күні 2010 жылғы 11 наурыз. Аккредиттелген күні 28.06.2019 ж.

 

Басшысы: 

Правдина Вера Николаевна. Туған жылы: 16.10.1980 ж., туған жері: Өскемен қаласы. Білімі-жоғары. Жүргізуші, шешендік өнер курсының авторы. 2004 жылдан 2005 жылға дейін Балалар шығармашылығы үйінде жұмыс істеді. 2005 жылдан – Өскемен қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің штаттан тыс қызметкері. 2012 жылдан 2015 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінің көркемдік жетекшісі. 2019 жылдың қаңтарында орыс мәдени орталығының жалпы жиналысында «ШҚ Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып сайланды. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен марапатталған.

 

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары:

«ШҚ Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің  негізгі мақсаты ұлтаралық қатынастарды жетілдіру, қоғамның рухани-адамгершілік дамуына және Шығыс Қазақстан облысында тұратын барлық ұлттар арасындағы достықты нығайтуға ықпал ететін жалпы мемлекеттік, жалпы халықтық және ұлттық-этникалық мүдделердің үйлесімді ұштасуына ықпал ету. Орыс халқының этникалық ерекшелігін, орыс тілін, ұлттық мәдениетін сақтау және дамыту, мерекелерді, салт-дәстүрлерді, фольклорлық өнер мен қолөнерді жандандыру.

Ресурстық база:

Этномәдени бірлестіктің отырыстар  мен сабақтар өткізуге арналған кабинеті бар, сондай - ақ «Русская песня» халықтық хоры. Шығармашылық ұжым Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады, сондай-ақ Республикалық, облыстық және қалалық конкурстарға, фестивальдарға және т.б. іс-шараларға қатысады. Этномәдени бірлестіктің белсенділері Қазақстан халқының этносаралық қатынастарын дамытуға баға жетпес үлес қосуда. Қаржыландыру көзі, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының бюджетінен бөлінген қаражат.

Тұрақты негізде келесі жобалар жүзеге асырылуда:

  • «Рождество» мерекесін тойлау дәстүрі бойынша іс-шара;
  • «Абай  мен  Пушкин - екі ұлы халықтың, екі ұлы ақыны» атты балалар шығармашылығының фестивалі;
  • «Масленица» мерекесін тойлау дәстүрі бойынша іс-шара;
  • «Туған жер» бағдарламасы бойынша мектеп мұражайлары семинары;
  • Жастар ЭКО қозғалысы көшбасшыларының форумы;
  • «Ақ тырна күні» инклюзивті шығармашылық кеші;

Негізгі жобалар: Негізгі жобалар жоқ.

Жетістіктері:

«Шығыс Қазақстан орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұлтаралық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды. Этномәдени бірлестік жанындағы «Руская песня» халық хоры облыстық, республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаттары. Ұжым ҚР  Тұңғыш  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алдында екі рет өнер көрсеткен.

Байланыстар:

8 777 414 45 16, Правдина В.Н. 

E-mail: vera.pravdina.80@mail.ru, https://instagram.com/versusss_16?igshid=1wnty5whdwx9g

8777735 70 50- Обухов Вадим Геннадьевич (төрайым орынбасары);