Шығыс–Қазақстан облысы
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Аналар кеңесі.
ШҚО ҚХА Аналар кеңесі:
Аналар кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Шығыс Қазақстан обласында 2015 жылы қараша айында консультативтік кеңесші орган болып құрылды. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, аналар кеңесі өз қызметінде қазақстан республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарына, актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің құрамы:
Этномәдени бірлестіктердің, облыстық аудандық Достық үйлерінің, Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау, білім беру, отбасын қолдау орталығы басшылары мен өкілдері, балалар үйлері, аналар үйі, балалар мен жастар ұйымдары қауымдастығының мүшелері.
ҚХА Аналар кеңесінің мақсаты:
Отбасылық құндылықтарды нығайту және дамыту қазақстандық бірегейлікті және жалпыұлттық бірлігін жетілдіру. Кеңес жүргізу бойынша консультациялық-ақпараттық жұмыс бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру, әйелдер арасында түсіндіру. тұрмысы төмен және толық емес отбасыларға көмек көрсету.
ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің міндеттері:
Отбасылық құндылықтар іске асыруға жәрдемдесу. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту және қамтамасыз ету, арқылы отбасы және ана мен бала институттарның, шараларын жүзеге асыру.
ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің сандық құрамы
Шығыс Қазақстан облысында-284 аналар кеңесі,1 облыстық , оның ішінде 15 аудандық, 3 қалалық, 255 ауылдық және оның 10-ы кәсіпорындарда орналасқан. Шығыс қазақстан облысы бойынша ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің құрамында 1387 адам бар.