Медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі.
Медиатор - кәсіптік және кәсіби емес негізде медиация үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға болып табылады. Медиация рәсіміне үшінші, бейтарап, мүдделі емес жақ ретінде қатысады. Келіссөздер барысында медиатор жанжалдаушыларға бірінші және екінші тараптың мүдделерін түсінуге, даудың мәнін анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, медиатор тараптарды дау-дамайдың екі жаққа да қолайлы шешімін іздестіруге шақырады және тараптардың қақтығыстарының барлық тараптарына сәйкес келетін шешім табуға көмектеседі.
1) жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар
2) отставкадағы судьялар медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыра алады.
Медиатордың қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды.
Медиатор қызметін жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген өзге қызметті де жүзеге асыруға құқылы
1) қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.
Коммерциялық даулар
Банк және еңбек даулары
Көптеген тараптардың қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларға қолдау көрсету
Жұмыстағы қақтығыстар
Отбасылық даулар
Авторлық және зияткерлік меншікке қатысты даулар
Мәдениетаралық қақтығыстар
Және т.б
|
|
Іс-жүргізу тараптардың біреуінің еркінен басталуы мүмкін |
Медиация рәсімі ерікті болып табылады |
|
Медиатор таңдалады |
Сот шешімдері заңның талаптарын қатаң сақтай отырып жасалады |
Шешім тараптардың мүдделерін есепке ала отырады, бірақ заң шеңберінде жүзеге асырылады |
Сот билікке ие |
Медиатордың билік күші жоқ және шешімнің дамуына ғана ықпал етеді |
Ұзақ және ресми рәсім |
Жеделдетілген және бейресми рәсім |
Іс-жүргізү жариялылығы |
|
Тараптардың бәсекеге қабілеттілігі |
Тараптар арасындағы ынтымақтастық |