Тарихи анықтама:
Қоғамдық бірлестік 18.01.1992 ж. тіркелген, қайта тіркеу 31.12.1996 ж. жүргізілді. Басшысы Яковлев Александр Андреевич. Оның филиалдары мен өкілдіктері жоқ. Аккредиттелген күні 28.06.2019 ж.
Басшысы: Яковлев Александр Андреевич 20.04.1957 ж.т., «Шығыс Қазақстан облыстық славян мәдениет қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Білімі жоғары, тарих саласы. «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет - этнографиялық және табиғи - ландшафтық мұражай – қорығы» КМҚК орыс этнографиясы бөлімі меңгерушісі болып жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Нұр Отан» партиясы кеңесінің мүшесі, ШҚО «Нұр Отан» партиясы облыстық Саяси кеңесінің мүшесі, «Беловодье» халықаралық Қазақстан - Ресей фольклорлық фестивалінің бастамашысы және жетекшісі.1995 жылдан бастап облыстық славян этномәдени бірлестігін басқарады. Оқушылар үшін славян мәдениеттің дәртүрлі аспектілері бойынша конкурстар мен конкурстық эстафеталар ұйымдастырады және өткізеді. Яковлев А.А. Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы шеңберіндегі көптеген мәдени жобалардың қатысушысы болып табылады.
Мәдениеттегі жоғары жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен,
• «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл»;
• ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығына 25 жыл» медальдарымен,
Қазақстан Мәдениет министрлігінің, Республикалық Тіл комитетінің грамотасымен, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының грамоталарымен, облыс әкімінің және Өскемен қаласы әкімінің грамоталарымен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары:
• Облыс аумағында славян мәдениетін зерттеу, сақтау және дамыту.
• Облыста тұратын славян және басқа халықтардың тарихына, тілдері мен әдебиетіне, сондай-ақ халықтық дәстүрлерге, фольклорға, көркемөнерпаздар өнеріне, бірлестік пен бірліктің негізі ретінде қызығушылықты дамыту, казак мәдениетін қалпына келтіру.
• Славян халқының тарихын және олардың басқа халықтармен қарым-қатынасын зерттеу;
Ресурстық база:
Этномәдени бірлестіктің отырыстар мен сабақтар өткізуге арналған кабинеті бар, сондай-ақ - Яковлев Александр Андреевич жетекшілік ететін «Бастеньки» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бар. Олар Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының өткізетін барлық іс-шараларға қатысады, сондай-ақ республикалық, облыстық және қалалық ауқымдағы конкурстарға, фестивальдарға және іс-шараларға, мемлекеттік мерекелер мен іс-шараларды (фестивальдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар) бірлесіп өткізуге қатысады. Қаржыландыру көзі, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының бюджетінен бөлінген қаражат.
Этномәдени бірлестік мынадай іс-шаралар өткізеді:
● «Масленица» мерекесін тойлау дәстүрі бойынша семинар;
● «Пасхалық серуен. Қызыл төбешік» салтанатты концерті;
● «Славян жазуы мен мәдениеті күніне» арналған конференция;
● «Беловодье-2020» халықаралық фестивалі;
● «Купала Солнцеворот» славян мейрамы дәстүрі бойынша концерт.
Негізгі жобалар: Негізгі жобалар жоқ.
Жетістіктері:
Яковлев Александр Андреевичтің жетекшілігімен «Бастеньки» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 2001 жылы Алтай өлкесіндегі «В гостях у Шукшина» жалпыресейлік фестивалдің лауреаты, 2003 жылы Екатеринбург қаласында өткен жалпыресейлік дәстүрлі ерлер мәдениеті фестивалінің лауреаты болды. 2004 жылдың қыркүйегінде «Бастеньки» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Қазақстан Республикасының атынан Томск қаласының 400 жылдығын мерекелеуге қатысты. Славян мәдениеті қоғамдық бірлестігі ұлтаралық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды.
Байланыстар:
8-777-151-55-77 Яковлев А.А yakov-a-a@rambler.ru