Тарихи анықтама:

Қоғамдық бірлестік 14.06.2001 жылы құрылған, басшысы Дәуітқызы Роза. Қоғамдық бірлестіктің  филиалдармен өкілдіктері жоқ. Аккредитациядан өткен жоқ.

 

Басшысы:  Дәуітқызы Роза 1940 жылы 26-наурызда Тарбағатай ауданындағы Покровка (Маңырақ) ауылында дүниеге келді. Семей қаласындағы кітапхана техникумын және Н.К Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдады.

2001 жылдың мамыр айынан бері Өскемен қаласының «Қалалық қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, 2004 жылы «Абай қорын» құрып, барлық жұмыстың орындаушы директоры қызметін атқарды.

Марапаттар:

  • «Казақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі,
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • Президенттің тілдерді қолдау және дамытудағы 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іс-жүзіне асырғандығы үшін «Тіл жанашыры» төсбелгісімен және мақтау дипломымен марапатталды.

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: 

  • Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарға, мәдени орталықтарға және жеке азаматтарға құжаттарды мемлекеттік тілге аударуға көмек көрсету;
  • Басқа ұлттарды қазақтың ежелгі және қазіргі заманғы мәдениетімен,тарихымен, әдебиетімен, өнерімен және дәстүрлерімен таныстыру, мәдени орталықтармен (орыс, украин, түрік, неміс, корей және ұйғыр) тығыз байланыстар орнату, қалада қазақ және басқа да тілдерді дамытуға көмек көрсету
  • Қаладағы қазақ тілінің жағдайына әлуметтік және статистикалық зерттеуді ұйымдастыру;

Ресурстық база:

Мәдени бірлестіктің отырыстар  мен сабақтар өткізуге арналған кабинеті бар,

сондай - ақ Г.Т. Хамитованың жетекшілігімен «Ажарым» вокалдық ансамблі жұмыс істейді. Шығармашылық ұжым Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы өткізетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады, сондай-ақ Республикалық, облыстық және қалалық конкурстарға, фестивальдарға және т.б. іс-шараларға қатысады.

Тұрақты негізде келесі жобалар жүзеге асырылуда:

  • Басқа ұлттарды ежелгі және қазіргі заманғы қазақ мәдениетімен, тарихымен, әдебиетімен, өнерімен және дәстүрлерімен таныстыруға арналған дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар.

Негізгі жобалар: жобалар жоқ.

Жетістіктері:

«Қалалық қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұлтаралық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды.

 Байланыстар:

8 777 675 41 26 – Дәуітқызы Роза