Тарихи анықтама:

Қоғамдық бірлестік 2013 жылдың 19 шілдесінде тіркелген, басшысы Яковлев Александр Андреевич. Қоғамдық бірлестік  филиалдары мен өкілдіктері жоқ. Аккредиттелген күні 28.06.2019 ж.

 

Басшысы:  Яковлев Александр Андреевич 20.04.1957 ж.т., «Иртышский форпост» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Білімі жоғары, (тарих). «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет - этнографиялық және табиғи - ландшафтық мұражай – қорығы» КМҚК орыс этнографиясы бөлімі меңгерушісі болып жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы облыстық Саяси кеңесінің мүшесі. Қазақстан Мәдениет министрлігінің, Республикалық Тіл комитетінің грамотасымен, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының грамоталарымен, облыс әкімінің және Өскемен қаласы әкімінің грамоталарымен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

 

Мәдениеттегі жоғары жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен,

  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл»;
  • ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығына 25 жыл» медальдарымен,

 

Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары:

  • Облыс аумағында казак мәдениетін зерттеу, сақтау және дамыту.
  • Казактардың тарихына, халықтық дәстүрлеріне, фольклорына, көркемөнерпаздар өнеріне қызығушылықты дамыту.
  •  

Ресурстық база:

Этномәдени бірлестіктің отырыстар  мен сабақтар өткізуге арналған кабинеті бар. Қаржыландыру көзі, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының бюджетінен бөлінген қаражат.

Этномәдени бірлестік мынадай іс-шаралар өткізеді:

  •  «Иртышский форпост» бірлестігінің күні;
  • Казак Аналар күнін мерекелеу дәстүрі бойынша семинар;

 

Негізгі жобалар: Негізгі жобалар жоқ.

Жетістіктері:

«Иртышский форпост» қоғамдық бірлестігі ұлтаралық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды.

Байланыстар:

8-777-151-55-77 Яковлев А.А yakov-a-a@rambler.ru