Тарихи анықтама:
Қоғамдық бірлестік 12.05.2000 ж. тіркелген, басшысы Манучарян Дживан Оганесович. Қоғамдық бірлестіктің филиалдары  мен өкілдіктері жоқ. 
 
Басшысы:
Бірлестіктің төрағасы Манучарян Дживан Оганесович болып табылады. 1964 жылы 16 шілдеде Армян Республикасы Агартин кентінің Дилижанский ауданында жұмысшы отбасында дүниеге келген, үйленген, екі баласы бар. 2002 жылдан армян этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, 2009 жылдан «Арарат» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы.
 
 
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары:
Бірлестіктің негізгі мақсаты армян этносының тілін, мәдениетін, дәстүрлерін сақтау болып табылады. Этномәдени бірлестікті қаржыландыру көзі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы бюджетінен этномәдени бірлестік өткізетін іс-шаралар үшін салынған қаражат болып табылады.
 
Ресурстық база:
Этномәдени бірлестіктің отырыстар  мен сабақтар өткізуге арналған кабинеті бар. Сонымен қатар этномәдени бірлестік жанынан ашылған «Арарат» би ансамблі жұмыс жасайды. Этномәдени бірлестіктің белсенділері Қазақстан халқының этносаралық қатынастарын дамытуға баға жетпес үлес қосуда. Қаржыландыру көзі, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы бюджетінен бөлінген қаражат.
Этномәдени бірлестік мынадай іс-шаралар өткізеді:
«Тереңдез», Ана және сұлулық күніне, «Вардавр» мерекелеріне арналған іс-шаралар;
Негізгі жобалар: жобалар жоқ.
Жетістіктері:
«Шығыс Қазақстан «Арарат» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұлтаралық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды. 
 
Байланыстар:
8 705 282 82 82 - Манучарян Д. О.
8 705 188 00 60 Саакян Сонна (төраға орынбасары).
sonasahakyan17@gmail.com