Тарихи анықтама:
Қоғамдық бірлестік 25.02.1992 ж. тіркелген, басшысы Кунст Юлия Вячеславовна. Қоғамдық бірлестіктің филиалдары мен өкілдіктері жоқ. Қайта тіркеу күні 1998 жылғы 26 қаңтар. Аккредиттелген күні 28.06.2019 ж.
Басшысы: Кунст Юлия Вячеславовна. Туылған жылы 04.11.1979 ж. Білімі-жоғары (заңгер-құқықтанушы). 2007 жылдан бастап «Korean Way» ЖШС бас директоры болып табылады. «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Тұрмыста, екі баласы бар.
Тағайындаудың негізі – «Шығыс Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ҚБ басқарма мүшелері жиналысының 19.10.2013 жылғы хаттамасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» медалімен, ҚР Тұңғыш Президентінің (2017 ж.) грамотасымен марапатталған.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары:
Жеке тұлғаның моральдық, эстетикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру, адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу, корей халқының шығармашылық әлеуетін, ұлттық мәдениетін дамыту, Қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық қатынастарды жетілдіруге жәрдемдесу;
Корей тілін, тарихы мен ұлттық мәдениетін зерделеу, салт-дәстүрлерді, мерекелер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту;
Қазақстан, Корея және басқа елдердің аумағында жұмыс істейтін басқа да мәдени орталықтармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл және жұмысты үйлестіру. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысу.
Ресурстық база:
Этномәдени бірлестіктің отырыстар мен сабақтар өткізуге арналған кабинеті,сондай - ақ «Инсаноре» вокалдық ансамблі және «Самульнори» аспаптық ансамблі бар. Олар Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы өткізетін барлық іс-шараларға, сондай-ақ республикалық, облыстық және қалалық ауқымдағы конкурстарға, фестивальдарға және т.б. іс-шараларға қатысады. Этномәдени бірлестіктің белсенділері Қазақстан халқының этносаралық қатынастарын дамытуға баға жетпес үлес қосуда. Қаржыландыру көзі, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының бюджетінен бөлінген қаражат.
Этномәдени бірлестік мынадай іс-шаралар өткізеді:
• «Сольналь» мерекесін тойлау дәстүрі бойынша іс-шара;
• Қазақстан-Корей форумы;
• «Чхусок» мерекесін тойлау дәстүрі бойынша іс-шара;
• «Хангыль Наль» мерекесін тойлау дәстүрі бойынша іс-шара;
Негізгі жобалар: жобалар жоқ.
Жетістіктері:
«Шығыс Қазақстан корейлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі ұлтаралық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды.
Байланыстар:
Тел.: 8-777-383-29-11 Кунст Ю.В., tsoykunst@mail.ru,
https://www.facebook.com/kanyri1979
https://www.instagram.com/kunst_yuliya/?hl=ru