Тарихи анықтама:
Қоғамдық бірлестік 12.02.1999 ж. тіркелген, қайта тіркелу күні 19.12.2001 ж. Басшысы Етекбаева Күлбаран Сүлейменовна. Қоғамдық бірлестіктің  филиалдармен өкілдіктері жоқ. Аккредитациядан өткен күні 28.06.2019 ж.
 
Басшысы:  Етекбаева Күльбаран Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Шілікті ауылында 1943 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. Білімі – аяқталмаған жоғары. Еңбек жолын 1963 жылы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы Калинин атындағы мектепте мұғалім болып бастаған, онда 1965 жылға дейін жұмыс істеді.
1965-1969 жылдары осы ауылдағы Ушинка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. 1975-1993 жылдары-Шығыс Қазақстан облыстық сотының аға экономисі. 1993 жылы Көп балалы ана ретінде зейнетке шықты. 1995 жылы 1990 жылы құрылған Әжелер алқасының  төрайымы болып сайланып, кейін бұл бірлестік Мұсылман әйелдер лигасы болып өзгертілді.
2001 жылдан – «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
 
Алғыс хаттар: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің, қала әкімінің, облыстық Достық үйінің, «Нұр Отан» партиясының достықты, ұлтаралық келісімді нығайтуға және Қазақстан халықтарының мәдениетін дамытуға сіңірген еңбегі үшін бірнеше мәрте алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы Президентінің алғыс хаты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ел Президенттігіне кандидатты қолдау жөніндегі қоғамдық штабтағы жұмысы үшін алғыс хаты.
Марапаттар: 
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі, 
«Казақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі,
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;
«Ақниет»,  «Бесіктен бақиға дейін» атты 2 кітаптың авторы. Бұл кітапта, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына насихаттайтын аса бай материалдар: мақал-мәтелдер, қарт адамдардың, кемеңгер мұсылман әйелдердің аузынан айтылған қазақ фольклорлық шығармашылығының шығармалары жинақталған. 2001 жылдың 24 қыркүйегінде қоғамдық бірлестіктің жалпы жиналысында Шығыс Қазақстан облыстық «Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып сайланды.
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары: 
Қызметтің негізгі мақсаты мұсылман әйелдері мен қыздарын қоғамдық бірлестіктің  қызметіне кеңінен тарту. Көмекке мұқтаж отбасыларды, әйелдер мен балаларды материалдық және моральдық қолдау болып табылады. Отбасыдағы ұрпақ тәрбиесi, жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды өзектi мәселелер төңiрегiнде iс-шара ұйымдастыру. 
Ресурстық база:
Мәдени бірлестіктің отырыстар  мен сабақтар өткізуге арналған кабинеті бар, сондай - ақ «Ақниет» вокалдық ансамблі жұмыс істейді. Ұжым 2007 жылы құрылған. Ансамбль қалалық және облыстық фестивальдердің қатысушылары. Қаржыландыру көзі, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының бюджетінен бөлінген қаражат.
     Мәдени бірлестік мынадай іс-шаралар өткізеді:
«Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлем тербетеді» семинары;
«Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» семинары;
«Тәуелсіздік - ел бақыты» семинар.
Негізгі жобалар: «Ақ ниет», «Бесіктен бақиға дейін» атты кітаптары шығарылған. Авторы: Күлбаран Сүлейменқызы. Кітапта қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын мағлұматтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жинақталған.
Жетістіктері: «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігі ұлтаралық  келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, грамоталарымен және марапатталды.
Байланыстар:
8 775 553 44 40.– Етекбаева К.С. 
8-771-350-07-12– Смағұлова Г. («Ақниет» вокалдық ансамблінің жетекшісі)