Тарихи анықтама:
Қоғамдық бірлестік 16.07.1994 ж. тіркелген, басшысы Шумахер Евгений Викторович. Қайта тіркеу 1997 жылдың 8 тамызында жүргізілді. Қоғамдық бірлестіктің филиалдары мен өкілдіктері жоқ. Аккредиттелген күні 28.06.2019 ж.
 
Басшысы:  Шумахер Евгений Викторович 18.03.1963 жылы туған, 1997 жылдың 12 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Видергебурт» Шығыс Қазақстан неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР Тұңғыш Президентінің грамотасымен, облыстық және қалалық әкімдердің грамоталарымен cондай-ақ
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі, 
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;
 
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары:
Тілдік бағдарламалар: неміс тілі курстары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер мен жексенбілік тіл курстары, Өскемендегі мәдениеттану жұмыстары және кездесу орталықтары желісі бойынша: әйелдер клубтары, қолөнер үйірмелері, денсаулық үйірмелері.
Неміс жастары клубының, «Возрождение» Қазақстандық немістердің республикалық қоғамдық қоры ұйымдастыратын  лингвистикалық лагерьлерде, семинарларда неміс жастары клубының, кездесу орталықтарының желісі, тілдік және әлеуметтік жұмыс жөніндегі үйлестірушілердің қатысуы.
 
Ресурстық база:
Этномәдени бірлестіктің отырыстар  мен сабақтар өткізуге арналған кабинеті бар, сондай - ақ Л.Г Роот жетекшілік ететін «Maigluckchen» фольклорлық ансамблі қызмет  атқарады. Олар Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының өткізілетін барлық іс-шараларға қатысады, сондай-ақ республикалық, облыстық және қалалық ауқымдағы конкурстарға, фестивальдарға және іс-шараларға, мемлекеттік мерекелер мен іс-шараларды (фестивальдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар) бірлесіп өткізуге қатысады. Этномәдени бірлестіктің белсенділері Қазақстан халқының этносаралық қатынастарын дамытуға баға жетпес үлес қосуда. Қаржыландыру көзі, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығының бюджетінен бөлінген қаражат.
Этномәдени бірлестік мынадай іс-шаралар өткізеді:
Пасха мерекесін тойлау дәстүрі бойынша мерекелік іс-шара;
Астық күнін мерекелеу дәстүрі бойынша мерекелік іс-шара; 
Рождество мерекесін тойлау дәстүрі бойынша мерекелік іс-шара.
 
Негізгі жобалар: Негізгі жобалар жоқ.
 
Жетістіктері:
«Видергебурт» Шығыс Қазақстан неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұлтаралық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды.
 
Байланыстар:
8-705-511-39-53 – Шумахер Е.В wiedergeburtvko@mail.ru
8-705-281-40-33 – Шиллинг А.В silla1980@mail.ru 
https://ok.ru/profile/338905109355
https://vk.com/id215547907, https://web.facebook.com/profile.php?id=100001202655240, https://www.instagram.com/silla1980/?hl=ru