Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының кәсіби және қоғамдық медиаторлары үшін Медиация күніне арналған «Медиацияны дамыту - елді жаңғыртудың қауіпсіз жолы» атты облыстық семинар-тренинг өтті.
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында этномәдени бірлестіктер жастарының қатысуымен, неміс ЭМБ ұйымдастыруымен «Коммуникативтік дағдылар тренингі» өткізілді.
Катонқарағай ауданының Достық үйінде «Ассамблея жастары» жастар қанаты және «Дәстүр» этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Ұлттық құндылық - ұлт қазынасы» тақырыбында этно квиз өтті.
Алтай ауданының Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Жастар ресурстық орталығының қатысуымен «Толеранттылық - бейбітшілікке жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.