Ағымдағы жылдың 3-наурызы күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен Глубокое ауданы Прогресс ауылында жалпыреспубликалық акция шеңберінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» - атты жолдауының тиімді тұстары мен ерекшеліктерін, сонымен қатар жолдаудағы басымдықтар берілген бағыттарды ауыл тұрғындарына кеңінен таныстыра отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің отырысы өтті.
Биыл екінші рет тойланып отырған Алғыс айту күні мерекесі еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір - біріне деген бауырмалдық пен сыйластықты тереңдете түскендей.
Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Белорус этномәдени бірлестігінің 1- наурыз Алғыс айту күніне және Достық үйінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеші болып өтті.
Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні Ұлан ауданы Украинка ауылының тұрғындарына Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми сараптамалық топ мүшелері жалпыреспубликалық акция шеңберінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының тиімді тұстары мен ерекшеліктерін, сонымен қатар жолдаудағы басымдықтар берілген бағыттарды ауыл тұрғындарына кеңінен таныстыра отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.