Кәсіби медиатор – Танекенова Төлетай Замамбекқызы Катонқарағай өңіріне жұмыс сапарымен барып қайтты. Біз ол жақпен жылы лебізбен және музыкамен кездестік: олар домбыра тартып, ән айтты.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында жастарға арналған коворкинг орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Жақында өскелең ұрпақ өкілдеріне кезекті жиын аясында фильм көрсетілімі ұйымдастырылды.
Жақында бізде қаладағы оқу орындарының студенттерімен таныстыру кездесуі өтті, шара барысында студенттер Достық үйінің, «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының қызметімен және коворкинг орталығының артықшылықтарымен танысты.