05-05-2017
5 мамыр күні жыл сайынғы дәстүр бойынша Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдері мен шығармашылық ұжымдары 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай 27943 әскери бөлімінің ұжымы мен сарбаздарын мерекемен құттықтап тамаша көңіл күй сыйлап қайтты. Мерекелік шара барысында Отан қорғаушыларға арналған патриоттық әндер мен қоса лирикалық әндерде шырқалды. Сонымен қатар өз кезегінде сөз алған ҚХА мүшесі Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Л. Б. Шик сардарлар мен сарбаздарды алдағы мерекелерімен құттықтап, елімізде әрқашан береке-бірлік, тыныштық пен бейбітшілік болсын деген ізгі тілегін жеткізді.