Привить молодежи чувство уважения

04-06-2020

Привить молодежи чувство уважения

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз», Н.Ә.Назарбаев

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Осыған байланысты, Мемлекеттік рәміздер күніне арнайы Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының белсенділері мен ҚХА еріктілері Өскемен қаласының көрікті жерлерінің бірі - «Қазақстан» тауына көтерілді. Көк туымыздың астында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды. Еріктілер бүгінгі ерекше мерекемен құттықтап, өз тілектерін білдірді.

Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты: жас буынға Мемлекеттік рәмізердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты болуға баулу.