«Беловодье» байқауы

05-06-2017

«Беловодье» байқауы

Маусым айының 3 жұлдызы күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында халықаралық деңгейдегі «Беловодье» байқауы болып өтті. Байқауға Шығыс Қазақстан обылысының қалалары мен аудандарынан және Алматы қаласынан, Ресей мемлекетінің  Новосібір, Горно-Алтай қалаларынан келген өнерпаздар қатысты. Байқауға қатысушыларды Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков құттықтап сәттілік тіледі. Халықаралық деңгейдегі «Беловодье» байқауының ашылуы Достық үйінде өтсе, қорытынды кезеңі, яғни жабылу салтанаты 4 маусым күні Металлругтер мәдениет сарайында өтті. Байқау барысында славян халқының дәстүрлі әндерін  нақышына келтіре орындаған Өскемен қаласының «Бастеньки» фальклорлық әнсамбілін ерекше атауға болады. Өскеменді екі күн әсем әнге бөлеген өнер иелеріне көрермен қауым толассыз соғылған шапалақтары арқылы,  ыстық ықластарымен ризашылықтарын білдірді.