20-04-2017
Ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Белорус этномәдени бірлестігінің 1- наурыз Алғыс айту күніне және Достық үйінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік кеші болып өтті. Шара барысында Белорус халқының дәстүрлі әндері шырқалып, мың бұралған бишілердің тамаша билер кештің көрігін қыздыра түсті. Концертке жиналған көремен қауым әсем әннің ырғағына бөленіп, ерекше ықыласпен тыңдап, өз рахметтерін толасыз соғылған шапалақтарымен білдірді. Белорус этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г.А. Борисович алдағы уақытта да мұндай мерекелік тамаша шаралардың жалғасын табатындығын айтты.