23-08-2019
«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының екпінділері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері халықаралық форум аясында өткен «Smart city» және «Blockchein» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинарды Оңтүстік Кореядан келген профессорлар жүргізді. Олар жаңа инновациялық технологиялардың мүмкіндіктері туралы дәріс оқыды. Қатысушыларға видеосюжет арқылы «Smart» технологиялардың болашағын көрсетті. Тіпті, бірнеше Кореяда қолданыста бар жаңадан шыққан техникаларды алып келіп, шеберлік сағатында сынап көрді. Заманауи технологиялардың тиімділігі туралы пікірталас ұйымдастырылып, қатысушылар өз көзқарастарын айтты.
Қазіргі қолданыстағы планшет, смартфон, гаджеттер Кореяда ойлап табылатыны барлығымызға мәлім. Дамыған елдердің қатарындағы Кореядан үйренеріміз көп. Сондықтан осындай шаралар жалғасын тапса дейді қатысушылар.