29-10-2019
Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап, есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын орда. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттерді мектепте өткізеді. Алғашқы махаббат, сенімді достарды – дәл осы білім айдынындағы үлкен кемеден табатынымыз мәлім.
«Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназияның 55 жылдық мерейтойына қатысып, құттықтап қайтты. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде білім ордасы интеллектуалды, мәдениетті, шығармашыл шәкірттерді тәрбиеледі. Сан ұрпақты тұлға ретінде қалыптастырып, өмір атты теңізге нық сеніммен жолдама берді.
Мерейтойды мектеп ұжымы кең көлемде атап өтті. Қуанышты бөлісуге түлектер, ардагер ұстаздар, түрлі мекеме өкілдері келді. Мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік концерт өтті.
«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» аталған мектепті құттықтап келуі бекерден емес. Себебі, екі мекеме арасында тығыз, әрі достық қарым-қатынас орнатылған. Инновациялық технологиялар мен жаңашылдыққа әуес мектеп қабырғасында алғаш рет шағын Қазақстан халқы Ассамблеясы ашылып, бірнеше жыл жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келеді. Жас ұрпақ бойына ұлттар арасындағы толеранттылық пен ынтымақтастықты дәріптеу, Шығыс Қазақстан жеріндегі тұрақтылықтың кепілі екені сөзсіз.