«Біздің мақсатымыз - өмірлік тәжірибемен бөлісу»

03-02-2020

«Біздің мақсатымыз - өмірлік тәжірибемен бөлісу»

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында қалалық Ақсақалдар алқасы дөңгелек үстел басында бас қосты.

Олар жыл көлемінде өткізетін бірқатар іс-шараларды жоспарлап, бағдарлама әзірледі. Ағымдағы жылы Ұлы Абайдың мерейтойы тойлануына байланысты, ақсақалдар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған жоба енгізді. Мақсаты – жастарға рухани құндылықтарды дәріптеу болып табылады. Осы жоба аясында олар оқу орындарына барып, жастарға Абайдың шығармашылықтары туралы дәріс оқиды.

Абай мұрасы – баға жетпес асыл қазына. Ол өмір сүрген жылдары 170-ке жуық өлең шығарып, қара сөздері арқылы мол ақыл-өсиет қалдырды. Сондықтан өскелең ұрпақтың Абай мұрасымен сусындауы маңызды. Ақсақалдардың да алға қойған мақсаты осы. Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттау.

Жиын соңында Ақсақалдар алқасының мүшесі Болат Әлімғожинді 80 жас мерейтойымен құттықтап, алғыс хат табыстады. Ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаухан Аухадиев мерейтой иесіне өлең жолын арнап, иығына шапан жапты.