«Белая сова» мерекелік көңіл-күй сыйлайды

24-12-2019

«Белая сова» мерекелік көңіл-күй сыйлайды

«Белая сова» қолөнершілері қала тұрғындарына әр апта ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Желтоқсан айындағы мерекелерде ерекше дайындықпен келген ұжым, қала тұрғындарының ризашылығына бөленді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні шеберлер арнайы фото аймақ жасақтады. Қазақы нақыштағы ою-өрнек, құрақ көрпе, тіпті, қазандық істеп, бауырсақтар қойды. Көрмеде ерекше патриоттық, әрі бірлік пен келісім атмосферасы орнағандай.

Ал өткен аптада Жаңа жылға қарсы таңғажайып фото аймақ істеп, келушілер аң-таң болды. Қойылған шырша мен коньки фото аймақтың ажарын келтірді. Қонақтар кіре берістен ғажайып әлемге тап болғандай сезімде болды. Себебі, Жаңа жылдық фото аймақ, иісі аңқыған «Иван-чай» шайы, көздің жауын алар қолөнершілердің бұйымдары ешкімді бейжай қалдырмас. Қолөнер бұйымдарының ішінде келер жыл – Тышқан мүсіндері, үйге арналған заттар, Жаңа жылдық сыйлықтар жиналғандардың қызығушылықтарын тудырды. Дәстүрге айналған лотереялық ойынға болса, барлығы белсене қатысты.