Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт

04-03-2020

Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы аясында Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында жастар арасында «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» атты пікірталас ойыны өтті.

Пікірталас ойынының қатысушылары Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің және Д. Серікбаев атындағы жоғарғы оқу орнының студенттері болды. Барлығы 4 топ, 3 ойыншыдан өзара сайысқа түсті. Жастар өз ойларын үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеткізді. Сайыс барысында топтар тұщымды дәлел мен дәйектер келтіріп, тақырыпты жан-жақты ашты.

Пікірталас дәстүр бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының ұйымдастыруымен өтті. Сайыс соңында Д. Серікбаев атындағы жоғарғы оқу орнының студенттері суырылып шығып, жеңімпаз атанды. Әділқазы алқалары жеңімпаз топтарға дипломдар табыстап, ерекше көзге түскен пікірсайысшыларды атады.