14-08-2014
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр күні облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен әсем ұлттық киімдер киген өкілдері айтулы мереке Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздің көк байрағын желбіретіп салтанатты шеруді бастап шықты. Одан соң алаңға сап түзеп байкерлер, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жоғарғы және арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары келді.
Мерекеге жиналған қала жұтшылығын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықап, ізгі тілегін білдірді. Әсем безендірілген сахнада қала халқына белгілі әншілермен бірге ұлттық мәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары, «Русская песня», «Мечта», «Вдохновение», «Сарман», «Кохання», «Улыбка», «Азери», «Ичкерия» т.б ансамбльдері өнер көрсетті.
Алаңдағы мерекелік концерттің екінші бөлімінде Достық үйі және өнер мұражайының ұйымдастыруымен «Әнім саған туған ел» байқау өткізілді. Байқауға 7 жұп қатысты. Олар қала жұртшылығына белгілі өнер иелері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері. Меркелік шара соңында байқау жеңімпаздарына және қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.
Ал Достық үйінің алаңында Семей қаласынан келген «Айша бибі» мәдени орталығының халықтық фольклорлық ансамблі өз өнерлерімен мерекені қыздыра түсті. Бұл күні Өскемен қаласының әр жерінде күбірлеген күйлер мен әсем әндер әуелеп тұрды.