1 мамыр

14-08-2014

1 мамыр

1 мамыр күні елімізде Қазақстан халқы бірлігі күні аталып өтті. Бұл күні Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барша халықтың ұйымдасуымен мерекелік шаралар өтеді. Облыстық Достық үйі Республика алаңында Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырды. «Мәңгілік Ел» театрланған көріністің басталуы алдында күмбірлеген қазақ күйі орындалып, әр тілде Қазақстан, достық, бейбітшілік туралы әндер шырқалды. Көрініс тарихи тұлғалардың декорациялық «Дала қорғанына» шығуымен басталды. Мерекелік салтанатты шеруді сәні мен өрнегі жарасқан ұлттық костюмдар киген этномәдени бірлестіктердің өкілдері бастады. Бұдан кейін шеруді қала мекемелері, ЖОО, колледждер мен мектептер жалғастырды. Қала жұртын мерекемен Өскемен қаласы әкімінің орынбасары В.М.Головатюк құттықтады. Ол мерекеге жиналған барша қауымға бейбітшілік, келісім, бірлік тіледі. Мереке Облыстық Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен болған тамаша концертпен жалғасты. Олар көрермен қауымға әдемі әндерімен, керемет билерімен көктемгі тамаша көңіл-күй сыйлады. Облыстық Достық үйі