Әскери комиссариаттың құрылғанына 100 жыл

09-04-2018

Әскери комиссариаттың құрылғанына 100 жыл

Аудандық Достық үйінде 6 сәуір күні әскери комиссариатының құрылғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізіліп, онда ауданның қорғаныс бөлімінің қызметкерлері мен ардагерлері, интернационал – сарбаздар, Ауған -  тәжік соғысы ардагерлері, Чернобыль газ станциясының қатысушылары, Қоғамдық келісім кеңесі, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

            Қонақтардың алдында аудан әкімі Д.Б.Батырбаев  қатысушыларды  осы тамаша күнмен  құттықтап, Отан қорғаушылар мен жас ұрпақтар өз ата-бабаларының даңқын,  әскери дәстүрлерін пір тұтарына  сенім білдірді. Аудан әкімі Шығыс Қазақстан облысы, Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы полковник К.Кайркановтың қолы қойылған жергілікті әскери басқару органдары құрылуының 100 жылдығына арналған медалімен марапатталды. 

            Ауданның қорғаныс бөлімінің ең көрнекті офицерлері мен азаматтық қызметкерлері осы маңызды күнге орай, алғыс хаттармен грамоталармен марапатталып, концерттік қойылымдар тамашалады. Ардагерлер салтанатты құрметтелді.

 

Достық үйінде ұймдастырылған шара қонақтардың жүрегінде ұзағынан ұмытылмас әсер қалдырды.

 

«Бесқарағай ауданының Достық үйі»

КММ-нің директоры                                                        М.Абылгазинова