Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

18-04-2018

Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Елбасы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында әлемнің озық елдеріндегі оқу орындарында қолданылып жүрген ең таңдаулы «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды тапсырған  болатын.   Берілген тапсырмаға сәйкес бүгінгі таңда әртүрлі салаға қатысты 17 кітап қазақ тіліне аударылып ағымдағы жылдың 12 - сәуірі күні Елбасының қатысуымен Астана қаласында  таныстырылымы өткен болатын. Сол ауқымды шараның жалғасы ретінде бүгін Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты семинар отырысы өтті. Отырысқа ШҚО білім басқармасының мамандарымен жергілікті ғалымдар  және студент жастар қатысты. Басқосу барысында сөз алған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының «Бірлік» этно-жастар клубының төрайымы т.ғ.к., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Қазақстан тарихы және әлеметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Бейбітгүл Шүршітбай шараға жиналған студенттерге «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бастамасының маңызы туралы айта келе, бұл бастама жастар үшін таптырмас мүмкіндік екендігін жеткізді.