Меценаттар форумы өтті

18-05-2017

Меценаттар форумы өтті

Ағымдағы жылдың 17 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында  ШҚО ҚХА І-ші облыстық Меценаттар форумы өтті.

Облыс көлемінде ұйымдастырылған ауқымды шараға облысымыздың барлық аудандарының меценаттары қатысты.  Форумның салтанатты отырысын ашқан «Ореол-LTD» ЖШС директоры, қалалық мәслихаттың депутаты, ШҚО ҚХА меценаттар клубының төрағасы  С. В Коротин отырыс барысында талқыланатын негізгі мәселелерге тоқталды.  Өз кезегінде сөз алған ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев жалпы форумға қатысушыларды құттықтай отырып, жұмыстарына табыс тіледі.

Сонымен қатар, форум барысында 2016-2017 жылдары жасалынған түрлі қайырымдылық шаралары бойынша толықтай есеп берілді. ШҚО меценаттар «Алтын Құрмет кітабының» салтанатты таныстырылуы болып, алдағы уақытта лайықты меценаттарды анықтап, осы кітапқа енгізу туралы сөз қозғалды.

         Маңыздылығы жоғары жиында сөз алған әрбір қатысушы алдағы уақытта барынша аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі қайырымдылыққа мұқтаж жандарға қол ұшын беретіндерін жеткізді. Сондай – ақ,  өз сөзінде «Үміт» балалар үйінің директоры, ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы М.Б. Бейсекенова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әрдайым көмек көрсетіп тұратын меценаттарға өз алғысын білдірді. Форум соңында қайырымды жандар қаламыздағы «Аналар үйіне» және «Ақниет» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат ұжымына күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен қамтылған себеттер тарту етті.