11 қыркүйегі Тілдер күні

14-08-2014

11 қыркүйегі Тілдер күні

2012 жылдың 11 қыркүйегі күні № 35 орта мектепте, Достық үйінің белорус ЭМБ, Тілдер күні мерекесіне арналған шара өткізді. Аталған шараның мақсаты жиналған қауымды белорус халқының салт-дәстүрімен,  мәдениетімен, тілімен, тарихымен таныстыру. Мерекелік шарада  белорус  тілінің мұғалімі Н. Прищепчик   оқушыларға тек қана белорус тілімен Белоруссияның мемлекеттік рәміздері жайлы ғана айтып қойған жоқ, сонымен бірге белорус халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы жайлы көрнекі құралдарды пайдалана отырып кеңінен мәлімет берді. Мереке барысында бірлестіктің жас белсендісі Анастасия Выходцева оқушыларды мемлекеттік тілде мерекемен құттықтап, «Все мы родом из детства» әнін орындады. Сонымен бірге мерекеде «Капялюш» белорус халық ойыны ойнатылып, барлық оқушылар жас ерекшеліктеріне  қарамай ойынға белсенді атсалысты. Ойын шарты бойынша қойылған тапсырмаларға  бір тілде ғана емес,  қазақ, орыс, ағылшын, белорус  тілдерінде жауап қайтарылды. Мерекеге көңілі толмай,  одан тыс қалған  бірде бір оқушы болмады, айтылған мәліметтерді көңіл қойып тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Шараға 5-ші 11-ші сыныптың оқушылары қатысты. Мектеп директорының орынбасары А. Тұрысбекова оқушыларды белорус халқының мәдениетімен таныстырып, осындай шара ұйымдастырып  өткізгені үшін Достық үйіне,  келген қонақтарға алғысын білдірді.             Облыстық Достық үйі