Құрметті жерлестер!
Ұлы Абай атамыз XIX ғасырда өзінің 39-шы қара сөзінде: «Қазақ халқында, Елбасы Топбасы, - деп аталатын өздері сыйлай алған қилы адамдар болады» - делінген.
Екі бір отбасының, не ауылдың, не рудың араларында түсініспеушіліктер болса, барлығы сол адамға жүгінген.
Қазір біз егемендігімізді алып, жер жүзі танитын елу елдің қатарына қосылдық. Елбасымыз бар, өзіміз сайлаған Президентіміз бар.
Әр адамның ұсталынатын заңы – Ата заңымыз бар. Жүгінетін сотымыз бар. Қазіргі уақыт: «Жау жағадан алғанда, бөрік етектен» деп ата-бабаларымыз айтқандай, елді жаман ауыру басып естерін шығарып жатқанда, арандатушы иттердің сөздеріне ермей тоқтаңыздар. Кінәсі барларды тексереді, ол ашық болады.
Бауырларым ақылға көніңдер!
Аубакиров А.А. ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасының орынбасары