Құрметті жерлестер, Отандастар!

11-08-2020

Құрметті жерлестер, Отандастар!

Қазақ халқының Ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты сіздерді Абай атамыздың туған күнімен құттықтаймын.

Әттең-ай, атамыздың биылғы мерей тойы әлемге таралған коронавирус эпидемиясы таралуына байланысты онлайн форматқа ауыстырды. Қазақ халқы бұл аураудан да аман-есен шығады. Келесі жылдары әлі талай ұлы мерекелерді үлкен деңгейде өткіземіз, оған кәміл сенемін.

Президентіміз Қасым - Жомарт Тоқаевтың бүгінгі «Абай рухани реформатор» мақаласы маңызды, дер кезінде жазылған. Өйткені, Абай атамыздың қара сөздері өте маңызды, халыққа қазір өте қажет. Абай Құнанбайұлының рухани байлығын жанұя, мектеп, балабақшадан бастау керек. Қазір той тойлайтын емес, білім алатын уақыт деп бекер айтылмаған, себебі Ұлы ақынның «Пайда ойлама, ар ойла. Талап қыл артық білуге» деген өсиетін санамызға сіңіруіміз керек.

Абай атамыз бір-бірімізді сыйлауға, өзге ұлтты сыйлауға, татулыққа шақырды. Ұлы данышпан елдік мүддені әрдайым жоғары қоюға, алған білім мен тәжірибені халық игілігіне жұмсауға шақырды.
Өскемен қаласының жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі ҚБ төрағасы, Өскемен қаласының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі
Серік Оразбайұлы