18-02-2022

"Қаңтар оқиғаларына байланысты президент суқбаты"

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Qazaqstan" ұлттық телеарнасына сұхбат беріп, онда ел көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Журналистің алғашқы сұрағы елді мазалап жүрген сауалдардың бірі - елдегі тәртіпсіздіктерден соң берген алғашқы сұхбаттың орыс тілінде өтуіне қатысты болды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли 17 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа сұхбаты шығатынын мәлімдеген болатын.

Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.