22-04-2021
Көктем келісімен, қаламызға түрлі құстардың да ұшып келері белгілі. Баспана, қорған іздеп келген құстарға ұялармен, бидай жейтін орындар жасап, оларға қамқорлық жасауды, Достық үйі еріктілері биыл бірінші болып қолға алды.
«Көктемнің алғашқы күндерінен бастау алған “30 - игі іс” бастамасымен жалғасып келе жатқан үрдіске, біздер құстарға ұя және жем салатын орындар жасап, тағы бір келелі іспен толықтырдық» ,- дейді акция ұйымдастырушылары.
Қаламыздың бірнеше жеріне ілінген ұялар мен жем салынатын заттар алдағы уақытта "жаңа иелерін" күтетіні хақ. Басты айта кетер жайт, бұл қолдан жасалған заттар Достық үйі жастары мен ерікті жастардың өз қолдарымен жасалып, шеберліктің бір парасын көрсетіп, көпке үлгі болды.
«Біз осыған дейін көптеген акцияларға қатысып жүрміз. Бірақ өзіме қатты ұнағаны бүгінгі құстар ұясын жасағанымыз, болашақта олар осы жерлерде балапандап, көбейіп қаламыздың әдемі тіршілік иелері болады деп сенемін»,-деген ойымен ерікті Шейкина Илана бөлісті.