Қазақ фальклоры қайта жаңғыруда

31-07-2018

Қазақ фальклоры қайта жаңғыруда

Елбасы Н.Ә.  Назарбаевтың «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» - жобасы аясында ағымдағы жылдың 20-26 шілдесі күндері Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен қазақ фальклорын зерттеу және жаңғырту мақсатында Зайсан ауданына арнайы экcпедиция ұйымдастырылдыЭкспедиция барысында аудандық мәдениет үйінде термеші, жыршы, шежіреші, батагөй, ақын азаматтармен және ауыл ақсалдарымен арнайы кездесу өткізілді.  Экспедиция мүшелері Шілікті қорғанына да арнайы атбасын  бұрды.Сондай – ақ  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жайлаудағы малшылар тойынада қатысып қайтты. Экспедиция жұмысы нәтижесінде  "Ақжамал", "Жәнделі қыз", "Сыбызғы сыры", "Ертіс қызы", "Бала қаз" туралы бір қатар аңыздар мен  "Ер Жәнібек ", "Зухрат пен Тахир" ,  "Мәулет"дастандары халықпен қайта қауышты