«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»

25-04-2024

«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»

Достық үйі - қоғамдық келісім орталының басшысы Толеубеков Эльдар Толеубекұлы

Бүгінгі күн Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясымен басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Сессияның дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті.

Қазіргі таңда еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты, биылғы сессия онлайн-форматта өтті.

Ауқымды басқосу Отанымыз – Қазақстан Республикасының жан-жақты дамуына оң мүмкіндік беретін маңызды іс-шара. Қазіргі таңда елімізді толықтай реформалау, барлық салалардың, соның ішінде: экономикалық, саяси және әлеуметтік қызметтерін қайта құрылымдау жолында бірқатар тақырыптар көтерілді.

Сессия аясында Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, БАҚ өкілдері бас қосты.

Осы тұста Ассамблея өз жұмысында біртұтас Қазақстан халқының ортақ құндылықтары мен мүдделерін қалыптастыру және дамытуға барынша басымдық беретінін тұжырымдады.