25-04-2024
Айдынова Назерке Айдынқызы
ШҚО Ассамблея театрының көркемдік жетекшісі
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXIII сессиясы өтті.
Сессияда «Ассамблея мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне және реформаларды ілгерілету ісіне белсене қатысуы керек. Сондықтан оның ғылыми-сараптамалық әлеуетін дамыту қажет. Этно-әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтауға және ондай оқиғалардың алдын алуға баса мән берілуге тиіс – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ассамблеяны әлеуметтік тұтастық пен отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде нығайту керектігін алға тартты. Жастар Ассамблея қызметіне тың серпін әкеледі.Сондай – ақ сессия барысында Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіндегі бірқатар басымдықты айқындап берді.