15-03-2024
Анжелика Шабданбекова, Достық үйі қоғамдық келісім орталығының белсендісі, қазақ тілі курсының оқытушысы
Бүгін, Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтің төрағалығымен өткізілген Ұлттық құрылтайдың куәсі болдым. Менің көзқарасым бойынша құрылтайда қазіргі күндегі ең негізгі мәселелер қозғалып, олардың мән – мағынасына басты назар аударылды.
Мемлекет басшысы тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты және қазақ тілінің бизнес, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастағанын айтты. Сондай – ақ, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында қазақ тілінің дәрежесі және оған деген сұраныстың артып келе жатқанын және оның басты бағыттары мен жолдарын атап өтті.
Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп, осының барлығы көңіл қуантарлық. Біздің әлемдегі орнымыз, ең алдымен, ұлтымыздың сапасы мен тілімізге байланысты деп ойлаймын.