09-08-2021
Бесқарағай ауданының Достық үйі instagram парақшасында қазақтың ұлттық тағамы қызыл ірімшіктің жасалу жолымен бөлісті.
Ірімшік жасаудың ең бірегей тәсілі - жас төлдің өңезінен ірімшік қайнату қазақта ғана кездеседі. Ірімшік – қазақтың ақтан әзірлейтін тойымды жеңсік асының бірі. Бұл тағам өзге сүт өнімдеріне қарағанда қаттылау болады. Қалымжанова Нұрғайша Рахымбердіқызы апамыз қызыл ірімшікті әзірлеу жолымен бөліседі. Қазанның астына от жағып, ұйыған сүтті асықпай және ұзақ уақыт қайнатады. Сарысуы бөлінген ірімшікті қалқып алып, кептіреді. Дәмі өте ерекше, сәл тәттілеу, хош иісті, қызғылт-сары түсті болады. Бұл ірімшік құрамы жағынан да бірегей.
Ірімшік – ежелден бүгінге дейін маңызын жоймаған құнарлы, витаминдер мен тірі ферменттерге өте бай ас.