ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаттары  этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

31-03-2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

Ағымдағы жылдың 31 наурызы күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Магеррамов М.М. және Микаелян Н.Г. ШҚО ҚХА мүшелерімен, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Журналисттер клубы, Ғылыми сараптамалық тобы, Жастар лигасы және этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында сөз алған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.ГМикаелян ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» кеңінен талқылап, әр бастамаға жеке - жеке  тоқталып қатысушыларға түсіндіріп берді.  Келесі кезекте сөз алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Магерам Мамедович  қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап беріп, түйткілді мәселелердің уақытылы өз шешімін табуға ықпал ететіндігін жеткізді. Сонымен қатар кездесу барысында елімізде алғаш ашылған Достық үйіне экскурсия жасап өңіріміздегі татулық пен бірліктің артуына өз үлестерін қосып жүрген этномәдени бірлестіктердің кабинеттері мен  Қазақстан халық Ассамблеясының тұңғыш мұражайын аралап, тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлермен және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының жұмыс барысымен  танысты.