20-10-2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен биылғы жылдан бастап Республика күні қайтадан ұлттық мереке ретінде аталып өтеді. Осыған орай 19 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының кітапханасында ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты кітап экспозициясының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шарада «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» атынан неміс этномәдени бірлетсігінің өкілі Республика күніне арналған «Сен деп соғар жүрегім!» челленджі аясында қала кітапханасына қазақ тіліндегі кітаптар сыйлады. Сонымен қатар Ивлев Антон құттықтау сөз сөйлеп, барша отандастарымызды келе жатқан мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, көрмеде соңғы жылдары жарық көрген қазақстандық авторлардың көркем әдеби шығармалары мен Қазақстанның жаңа тарихының инфографикасы ұсынылды.
Қазақстанның жетістігі – бүкіл халықтың жетістігі, сол себепті әрбір қазақстандықтың бастамасы, білімі, күнделікті еңбегі – ортақ жарқын болашағымыздың кепілі.