«Үш тілді білу – табысты өмірдің жолы»

22-11-2017

«Үш тілді білу – табысты өмірдің жолы»

Ағымдағы жылдың 22 қарашасы күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Елбасының  үш тұғырлы тіл саясатын насихаттау және   ұлттық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған этникалық саясат мәселелеріне жастарды тарту мақсатында қаламыздағы жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасында  «Үш тілді білу – табысты өмірдің жолы» тақырыбындағы пікір сайысы өтті. Пікір сайысты ашу үшін сөз алған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми сараптамалық тобының жетекшісінің орынбасары   Г.Н Жаңабаева  қатысушыларға сәттілік тілей отырып, тартысты ойын көрсететіндіктеріне өз сенімін білдірді. Пікір сайысқа Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен  Қазақстан – Америкалық еркін университетінің  командалары қатысты. Пікір сайыс барысында екі команда да жоғары дәрежеде ойын көрсете білді. Десе де қазылар алқасының шешімімен ойын барысында өздерінің нақты дәлелдемелері арқылы қарсыластарынан оза шапқан ШҚМТУ командасы жеңінпаз деп танылып топ басшысы Данялова Аққуға үздік спикер дипломы табысталды. Сонымен қатар екі  команданың  өзгеде мүшелеріне әр түрлі номинациялар бойынша сертификаттар берілді.