12.09.2012 жылы Н.Ә. Назарбаев атындағы мектепте Облыстық Достық үйі этномәдени бірлестіктерінің мүшелерімен тілдер күніне арналған мереке өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушыларды орыс және қазақ халықтарының мәдениеті және салт-дәстүрімен, тілімен таныстыру болды.
Мерекені орыс орталығы, орыс халқының мақалдарын айту сайысмен ашты. Байқауға қатысқан балалар өздерін сенімді ұстап, түрлі тақырыпта көптеген мақалдарды білетіндіктерін көрсетті. Содан соң жұмбақтар сайысы өткізілді. Оқушылар қандай жұмбақтарды жасырса да, жұмбақтардың көбі өз шешімін тапты, сондай-ақ залдағы оқушылар ғана емес, осы тамаша байқаудың жүргізушілері шеше алмаған жұмбақтар да болды. Светлана Киселеваның орындауында ән шырқалды. Сонымен бірге балалар «Селезень утку догонял» орыс халық ойнына қатысып, қатысушылар саны залдың мүмкіндігінен аса түсті. Орыс орталығының белсенді мүшесі шара соңында Татьяна Георгиевна Нетунаева оқушыларға орыс халқының дәстүрлері, сонымен қатар орыс орталығының атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Орыс мәдени орталығының бағдарламасынан кейін еш бір оқушы жабырқау көңілде қалған жоқ.
Келесі сахнаға «Мұсылман әйелдері» ҚБ мүшелері шықты. Олар қазақ тілінің маңызы туралы, халық дәстүрілері туралы кеңінен айтты. Мектеп оқушыларына түрлі халық дана сөздері айтылып, олар осы дана сөздерді естерінде сақтап, өмірде қолданатындарына уәде берді. Түрлі жұмбақтар жасырынып, мақалдар айтылып, көрерменді ықылассыз қалдырмаған «Қазақ тілі» әні орындалды. Сонымен бірге қазақ халқының қызықты ойыны «Хан » өткізілді. Ойын барысында тамаша достық жағдайын туғызған «Жанай – керім» әні шырқалып тұрды.
Мектеп оқушыларының өткізілген мерекеге көңілдері толып, алғыстарын білдірді. Мерекеге 700 оқушы қатысты.
Облыстық Достық үйі

