«Ұлттық сананы жаңғырту, Қазақстанның ұлттық коды мен мәдениетін сақтау»

04-09-2017

«Ұлттық сананы жаңғырту, Қазақстанның ұлттық коды мен мәдениетін сақтау»

Ағымдағы жылдың 04 – қыркүйегі күні 5518 әсери бөлімінде «Ұлттық сананы жаңғырту, Қазақстанның ұлттық коды мен мәдениетін сақтау» тақырыбында конференция өтті.

Шараға Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдерімен  5518 әскери бөлімінің қызыметкерлері мен сарбаздары, «Нұр-Отан» партиясының мүшелері, «Жас - Отан» жастар қанатының жастары қатысты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын кең көлемде талқылады. Шара барысында сөз алған Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков  Елбасының сәуір айында халыққа жол тартқан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы көп этносты біздің еліміз үшін, келешек жас ұрпақ үшін дер кезінде қабылданған дұрыс әрі оң шешім деп санайтындығын,  тек рухани жаңғыру жаңару арқылы біз тың бастамалардың тууына себепші боламыз деді.

 Сонымен қатар конференция барысында Сандық  Қазақстан бағдарламасы да назардан тыс қалмады. Себебі бүгінгі сандық технология қарыштап дамыған заманда кез келген саланың осы үлгіге бейімделуі заңдылық екендігі жиында кеңінен айтылды. Шара соңында конференция қатысушылары естелікке суретке түсті.