16-03-2022
Танекенова Тулетай Замамбековна
Кәсіби медиатор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап шықтым. Жақсы ойлар, халық күткен өзгерістер.
Президенттің бұл жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.
Осы кезеңге дейін бізге: «бірінші экономика, кейін саясат» деп айтып келген болатын. Ал оның соңы қаңтар оқиғаларына алып келді. Қазір Президенттің бастамасымен Парламенттің рөлі, оның ішінде Мәжілістің рөлі басым болады да, халықтың мүддесі, мұң-мұқтажы жоғары билікте ескеріледі деген сөз.
Сондай-ақ, Президент: «Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін» деп жаңа реформаның барысына тоқталды. Мемлекет басшысы мұнымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ашықтық принципін ұстану керектігін міндеттеді.
Елдің көкейіндегі дүниелер ел Пркзидентінің сөзінен табылғаны көпшілікті қуантқаны сөзсіз.