15-03-2024
Рустам Зулфиев, Тәжік этномәдени бірлестігінің жетекшісі
Бүгін, Ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтің бастамасымен Ұлттық құрылтай өтті. Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, Құрылтайдың қазақ қоғамындағы өзіндік рөлі бар. Онда тағы бір қозғалған басты тақырып жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелері.
Бұл, Ұлттық құрылтай – жаңа идеялар мен қадамдар жасау арқылы ұлт бірлігін нығайту деп түсінемін. Осыған дейін өткізілген құрылтайларға мән беріп қарасақ, мемлекет ел бірлігі үшін, мемлекет пен қоғам мүддесін бәрінен жоғары қойған, сонымен қатар ұлтымыздың тарихи сана-сезімі мен өскелең ұрпақ тәрбиесі сынды мәселелер талқылаған.
Руханият, мәдениет, ұрпақ тәрбиесі саласында қордаланған мәселелер өте көп, және солар өз кезегімен шешімін табады деген ойдамын.