26-02-2021
"Ұлы дала әуендері - Мелодии Великой степи" музыкалық эстафетасының қатысушысы Геннадий Кузьмин болды.
Геннадий Федорович 2017 жылдан бастап беларусь этномәдени бірлестігінің "Крыничка" вокалды тобын және орыс этномәдени бірлестігінің "Вдохновение" тобын басқарады.
Барлық іс-шараларда Достық Үйінің шығармашылық ұжымдарын сүйемелдейді.
Геннадий Федорович бастаған ансамбльдер қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаттары болып табылады.
Бұл музыкалық эстафета Алғыс айту күнін мерекелеу аясында іске қосылды.