Ұлы Жеңіске 73 жыл

05-05-2018

Ұлы Жеңіске 73 жыл

2018 жылдың 5 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының  этномәдени бірлестік өкілдері ,  Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай ,  соғыс жылдарында қаза тапқан Шығыс Қазақстандықтардың рухына тағзым етіп,  мәңгілік алау монументіне гүл шоғын қойды.

Шараның басты мақсаты өскелең ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік, ерлік, батырлық, сезімдерін арттыру, Қазақстан еліне, жеріне деген патриоттық сезімін нығайту.