Ұлыстың ұлы күнін ұлықтады

21-03-2022

Ұлыстың ұлы күнін ұлықтады

Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын №38 мектеп ұжымы жоғары деңгейде атап өтті.

Мереке мектепішілік жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Мемлекеттік деңгейде аталып отырған мерекенің негізгі мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу.

Әр сынып Наурыз көжеден дәм тата отырып, салт-дәстүрлерді көрсетті. Дастархан ұлттық  тағамдарға толы болды. Бұл дәмнен барлығы ауыз тиіп, үстел басындағы оқушылар бір-біріне ақ тілектерін жаудырды.

«Наурыз мерекесін мектеп ұжымымен бірінші рет тойлап жатырмын. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын осы мейрамнан көруге болады. Барша қазақстандықтарға Наурыз құтты болсын!» дейді мектеп мұғалімдерінің бірі.