22-04-2022
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан халқы ассамблеясы және Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы Қазақстан Республикасының көрнекті мәдениет қайраткері, әнші, сазгер, Шығыстың ардақты перзенті Бағдат Оразбайқызы Есдәулетованың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Бұл қазақ ұлтының қабырғасына тиген ауыр соққы болды. Білім мен мәдениеттің дамуына, мемлекеттің гүлденуіне зор үлес қосқан марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болсын!