Ән әуелеген әуезді кеш

01-06-2018

Ән әуелеген әуезді кеш

Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығында Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай Шығыс Қазақстан кәрістері Ассоциациясының «Самульнори» ансамблінің  есеп беру концерті өтті. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев шығармашылық ұжымды айтулы мерекелерімен құттықтап, бір қатар ұжым мүшелеріне алғыс хаттар табыстады. Мерекелік концертке  Астана қаласынан арнайы келген Кәріс мәдениеті орталығы, Кәріс республикасының елшісі Ли Херан өзінің ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар концерт барысында «Инсаноре » ансамблі орындауындағы  «Намдянын пэ едянын хангу» әні шараға жиналған қонақтардың құлақ құрышын қандырса,  «Вайнах» ансамблінің орындауындағы «Лезгинка» отты биі кештің көрігін асыра түсты . Сондай ақ бұл кеште Ким Асемнің орындауында Абай атамыздың «Айттым сәлем Қаламқас» әніде орындалды.