Өңірлік кадрлық резервінің іріктеу отырысы

19-02-2024

Өңірлік кадрлық резервінің іріктеу отырысы

Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана залында өңірлік кадрлық резервінің іріктеу отырысы өтті. 

Өңірлік кадр резервін құрудың басты мақсаты облыстың дамуына өз үлестерін қосамыз деген білімді, дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту болып табылады. Осы орайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Нұрлан Еркебаев қала жастарымен кездесті. 

Кездесу барысында іріктеу үдерісіне және қызметтің негізгі бағыттарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, өтінімдерді қабылдау мерзімдері нақтыланып, айтылды.

Облыстық резервке іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.